«Сириядағы соғыста қаза тапқан»: Атыраудағы «Ұлттық қыздар мектебіне» қатысты тексеріс басталды

Атырауда сәләфи исламистер бүлдіршін қыздардың құқын таптап, бет-жүзін тұмшалау мақсатында «Ұлттық қыздар мектебі» дейтін сәләфилік бағыттағы жаңа мектеп ашқан. Блогер, қоғам белсендісі Нұргүл Мұқышева «Адырна» порталына осылай деп мәлімдеген.

«Аталмыш діни мектепке Атырау өңірінің тұрғыны Жолмұханова Жұмазия басшылыққа тағайындалған. Ең сорақысы мектеп директоры Жолмұханова Жұмазияның туған інісі Жолмұханов Қанкерейдің қызы Жұлдыз Қанкерейқызы мен күйеу баласы Мұратбеков Абзал 2015 жылы Сирияға қарулы соғысқа аттанып, 2019-жылы екеуі де қаза тапқан. Ал «ұлтттық қыздар мектебі» деген қазақи терминді бетперде қылған сәләфилік оқу орнының құрылтайшылары кімдер екенін білсеңіздер, төбе шаштарыңыз тік тұрады.

Атап айтқанда бұлар нағыз сәләфилік идеологияны кеңінен насихаттап жүрген Есбосын Асан Балғабайұлы мен түркіменстандық Розыев Мұрат Довлетович дейтін исламистер екен.

Айтпақшы Есбосын Асан Балғабайұлы ҚР Қылмыстық кодексінің 194-шы «Бопсалау» бабымен сотталып, адвокаттық лицензиясынан айырылыпты. Бәріміз білетіндей сәләфилер Қазақстандағы мектептердің зайырлы форматта сабақ берулеріне түбегейлі қарсы.

Себебі олар мектептегі киім үлгісіне бағынбай, арабтардың дәстүрлі киімі хиджабпен сабаққа кіргізулерін қалайды. Ал бұл әрекет Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы және білім беру жүйесі зайырлы қағидаттар негізінде оқытылады.

Сәйкесінше оқушылардың киім үлгісі зайырлы сипатта болуы шарт. Сәләфилердің негізгі мақсаты деструктивті діни идеологияны мектеп қабырғасында еркін жүргізуге мүмкіндік алу. Сонымен қатар, осындай жеке мектептерде сәләфилердің ұл-қыздарынан басқа, мешіт намазхандарының балаларына да жат экстремистік, яғни теріс идеологиямен ықпал ету, яғни қатарларын көбейту қаупі бар және бұндай діни орта әртүрлі жанжалдың тууына кеңінен жол ашады», – деп жазды блогер.

Қоғам белсендісі министр А.Айтмағамбетовтен Әділет министрлігінде тіркелген «сәләфилік қыздар мектебіне» лицензия берілмеуі мен тез арада жабылуына ықпал етуді сұраған.

«Жоғарыда аталған жекеменшік ұйымға өкілетті орган лизенция бермегенін хабарлаймыз. Қазір көрсетілген ақпарат бойынша тексеріс басталды. Тексеріс қорытындысы бойынша қажетті шара қабылданады. Қазақстан зайырлы меклекет, барлық ұйым, оның ішінде жекеменшік ұйымдар да қолданыстағы заң талаптарын сақтауға міндетті», – делінген Атырау облыстық білім басқармасының хабарламасында.

Соңғы

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы...

Күдебаев сотқа мәжбүрлеп әкелінеді

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Qazaq.today Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап. «Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq.uni-не сілтеме жасап. Ақтөбе аумағында орналасқан Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы бау-бақша...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтема жасап. Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here