Светлана Назарбаева 76 жасында қайтыс болды. Бұл ақпаратты Qazaq.today хабарлайды.
Светлана Назарбаева – Қайрат Сатыбалды мен Самат Әбіштің анасы, Нұрсұлтан Назарбаевтың келіні.
Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапхана мәліметіне сәйкес, Назарбаева Светлана Мырзахметқызы Алматы облысы Бөрлітөбе ауданы Лепсі ауылында дүниеге келген.
Ол Абай атындағы ҚазПИ-ді филолог мамандығы бойынша тәмамдап, педагогика ғылымдарының кандидаты атағына ие болды.
1981-1984 жылдары Алматы қаласының Әуезов ауданындағы №91 орта мектептің директордың орынбасары қызметін атқарды.
1984-2003 жылдары №24 орта мектептің, кейіннен №130 гимназияның директоры болды.
2003 жылдың қараша айынан бастап республикалық «Дәуір» баспа полиграфиялық кешенінің бас директоры қызметін атқарды.