Түркістан облысында 15 жастағы қыз зорланды. Күдікті ретінде 33 жастағы жігіт қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaq.today.
БАҚ беттерінде Түркістан облысы Жаңа қала шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде 33 жастағы ер адам он бестегі оқушы қызды тыр жалаңаш шешіндіріп, суретке түсіріп, артынша зорлағаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы жергілікті тұрғын Құрал Сейітханұлы әлеуметтік желідегі парақшасына жазған.
«Еркектік мүшесін кішкентай қыздың аузына тығып, кейін мүшесін артынан (анал) тыққан. Осындай сұмдық жайында жазамын деп ойламап едім. Көп балалы ана хабарласып, басында сұмдық іс болып жатқанын айтып, көмек сұрады. Ұзын сөздің қысқасын айтқанда бұл әйелдің 15-жасар қызын 33-жастағы (суретте) еркек қорқытып, үркітіп Жаңа қала шағын ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің біріне апарып, тыр жалаңаш шешіндіріп суретке түсіріп, одан кейін еркектік мүшесін қыздың аузына тығып, соңында қыздың артқы анал тесігіне мүшесін тығып жыныстық қатынасқа түскен. 15-жасар қыз ондайды өмірінде көрмеген. Бұнымен де тоқтамай арада бірнеше күн өткенде қыздың вацабына 2008, 2009 жылғы өзің сияқты жас қыз тауып бер немесе 50-мың тауып бер әйтпесе жалаңаш фотоларыңды Тик токқа саламын деп бопсалап қорқытқан. Өзін ҰҚК-нің қызметкерімін деп таныстырған. Шын мәнінде ешқандай да қызметкер емес», — деп жазды Құрал Сейілхан.
«Жергілікті тұрғынның кәмелетке толмағанға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізілуде», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар полиция департаменті кәмелетке толмаған жасөспірімнің жалаңаш фотосуреттері туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Полиция азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады.