Лондонда BBC журналисінің отбасын қатыгездікпен өлтіріп кетті

Лондонда BBC комментаторы Джон Ханттың отбасын қатыгездікпен өлтірді, деп хабарлайды Qazaq.today Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Джон Хант 61 жастағы жұбайын және 25 пен 28 жастағы екі қызын өз үйінде түн ортасында өлтірілгенін тапты.

Полиция бөлімшесінің деректеріне сүйенсек, әйелдерді алдымен байлап, кейін арбалетпен атып тастаған.

Күдікті ретінде 26 жастағы Кайл Клиффорд ұсталды, ол қайтыс болған қыздардың бірінің бұрынғы жігіті. Клиффорд барлық құрбандарды танитын болған.

Клиффордты ұстау үшін үлкен операция жүргізілді. Лондон тұрғындарына күдіктінің қаруланған болуы мүмкін екендігі туралы ескерту жасалды.

Нәтижесінде, Клиффорд Лондонның бір ауданындағы зират аумағында табылды. Клиффорд жарақат алғанымен, оны ұстау кезінде полиция атыс қаруын қолданбаған.

Қылмыстың мүмкін себептері туралы полиция әзірге мәлімет бермеді.

BBC деректеріне сәйкес, Клиффорд британ армиясында қысқа уақыт қызмет еткен, бірақ 2022 жылы қызметтен кеткен.

12