Фото: Peterharrington
Антиквариат сатумен айналысатын Peter Harrington компаниясының сайтында Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчердің марапаттарының бірін сату туралы хабарландыру пайда болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Сипаттамада айтылғандай, сатылымға қойылған бұйым – Тэтчердің 2001 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан жеке алған «Достық» ордені. Peter Harrington 1995 жылы Тэтчер тағайындалған сыйлықтың жетінші ғана иегері екенін түсіндіреді.
«Ол құпия түрде марапатталған сияқты, өйткені сыйлықтың қашан, қалай берілгені туралы ақпарат табылмады», – делінген сипаттамада.
Маргарет Тэтчер Нұрсұлтан Назарбаевпен алғаш рет Ұлыбританияның премьер-министрі қызметінен кеткен соң, 1991 жылы кездесті. «Темір ханым» сол кездеҚазақстан Республикасының тұңғыш президенті туралы оң пікір білдірген болатын. Маргарет Тэтчер 2013 жылы қайтыс болды.