Қырғызстанда тауға шыққан бірнеше адам қар көшкінінен қаза тапты

20 қазанда Қырғызстанның Жалал-Абад облысының Чаткал ауданында дәрілік шөп жинауға тауға шыққан алты ауыл тұрғыны қаза тапты. Деректерге сай тауда қар көшкіні болған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Олардың үшеуінің мәйіті 18 қазанда табылып, Күмбел ауданындағы штабқа тікұшақпен жеткізілген. Кейін құтқарушылар 46 жастағы ер адамның денесін тапқан. Құтқарушылар 20 қазанда таңертең тағы екі адамның қаза тапқанын хабарлады.

“Чаткалада тауға дәрілік шөптерді жинауға барған алты адам жоғалып кетті. 9 қазанда 14 адамнан тұратын топ шалғай аймаққа бет алған. Кейін олармен байланыс үзілген соң, туыстары құтқарушылардан көмек сұрады. Сегіз адам табылып, қалған алтауының тағдыры белгісіз болып қалды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 14 қазанда Ақ-Сай тауларының маңында қар көшкіні түскен. Жоғалған адамдарды іздеуге ТЖМ тікұшағы ұшып кетті», — деді Қырғызстан ТЖД.

Іздеу жұмыстары Қырғызстан ТЖМ басшысы Бобек Әжікеевтің жеке бақылауымен жүргізілді.

Фото: Қырғызстан ТЖД

81