«Бұндай 20 жыл бұрын болған»: Алматы облысында түрмедегі әйел егіз босанды

Алматы облысында жазасын өтеп жатқан әйел егіз босанды. Қос қызды дүниеге әкелген әйел сәбилерімен бірге түре ішіндегі балабақшада тұрып жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Әйел жазасын өтеу мекемесіне жүктіліктің 34 апталығында түскен. Сотталған ана сәбилерге Ольга және Зинаида деген есімдерді берді. Қос егізді қоса санағанда қазір Жауғашты түрмесінде дүниеге келген 34 сәби өмір сүріп…

Толық оқу

«Сапасыз салынған»: Алматыда 3 млрд теңге жұмсалған мектеп ортасынан бөлініп кетті

Алматыда 3 млрд теңгеге салынған мектеп қақ айырылуы мүмкін. Қолданысқа берілгеніне бір жыл ғана болған білім ошағының қабырғалары қақырап, іргетасы шөге бастаған, деп хабарлайды Қазақстан ұлттық телеарнасына сілтеме жасаған Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Білім ошағындағы кемшіліктерді қоғамдық бірлестік өкілдері де анықтаған. Алаңдаулы ата-аналар балаларын сабаққа жібермейміз деп отыр. 2021 жылы ғана қолданысқа берілген мектеп ғимаратының қазіргі…

Толық оқу

«Лауазымын асыра пайдаланған»: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ИИДМ бұрынғы вице-министрінің байлығын көрсетті (видео)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бас прокуратурамен бірлесіп пайдалы қазбалар кен орындарын берудің заңдылығын тексеру нәтижелері бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. «Министрліктің лауазымды адамдары жекелеген кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесінде әрекет ете отырып, барлау сылтауымен аукцион өткізбестен пайдалы қатты қазбалар қоры белгіленген кен орындарын заңсыз…

Толық оқу

Бақылаушылар әділ сайлаудың кепілі — Тоғжан Қожалы

Республика көлемінде 1,5 мың адам сайлауға тәуелсіз бақылаушы ретінде қатыспақ. Бұл тек бір ғана қордың атынан қатысатын тәуелсіз бақылаушылар. Ел көлемінде 12 мыңға жуық сайлау учаскесі жұмыс істейді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Әрбір ұйымның атынан кемінде екі адам қатысқанның өзінде 24 мың бақылаушы керек. Сайлаудың әділ, заңды өтуін бақылау үшін қазір ел көлемінде түсіндіру жұмыстары…

Толық оқу

«Полиция іздемей отыр»: Түркістан облысында 21 жастағы жігіт бір жылдан бері табылмай жатыр

Түркістан облысында жалғызбасты ана халықтан көмек сұрайды. Ауру баласын бағып отырған ана тұңғышынан тірідей айырылып қалған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталы.   21 жастағы жігіт үйінен медресеге оқуға кетіп, сол қалпы қайтып оралмаған. Анасының сөзінше, Боймурза бір айдан астам уақыт Шымкент қаласындағы «Дархан» медресесінде білім алған. Одан бері жылдан астам уақыт өткенмен, жігіттен хабар жоқ. «Мырзарахимов…

Толық оқу