Бақылаушылар әділ сайлаудың кепілі – Тоғжан Қожалы

Республика көлемінде 1,5 мың адам сайлауға тәуелсіз бақылаушы ретінде қатыспақ. Бұл тек бір ғана қордың атынан қатысатын тәуелсіз бақылаушылар. Ел көлемінде 12 мыңға жуық сайлау учаскесі жұмыс істейді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Әрбір ұйымның атынан кемінде екі адам қатысқанның өзінде 24 мың бақылаушы керек. Сайлаудың әділ, заңды өтуін бақылау үшін қазір ел көлемінде түсіндіру жұмыстары басталып кетті. Бақылаушы ретінде қатысатын адамдар арнайы курстан өтіп, сайлау туралы білім алады. Заңнаманы түсінген адамдарға ғана Президент сайлауында бақылаушы ретінде қатысуға мүмкіндік беріледі.

«Бақылаушыларды еліміздің 14 қаласында ұйымдастырып, дайындайық деп жатырмыз. Сағат таңғы 7:00 бастап сайлаушылар бақылаушы ретінде отыру керек. Біз 1,5 мың адамды дайындаймыз. Ұйымдастыру жұмыстарын 4 қарашадан бастадық. Ақтөбеден – 70, Атыраудан – 120, Шымкенттен – 100 адам бақылаушы ретінде шығуға ұсыныс білдірді. Алматы, Астана қалаларында да осы жұмысқа байланысты жиындар өткіздік. Заңның талабы бойынша бақылаушылар тек ресми ұйымның атынан қатыса алады және ол ұйымның сайлау кезінде бақылаушы ретінде адам жіберуге құқығы болу керек», – деді «HAQ» қайырымдылық қорының атқарушы директоры Тоғжан Қожалы.

Бақылаушы ретінде сайлауға барғысы келетін адамдар арнайы курстан өтіп, тест тапсырады. Оларға сайлау туралы заңнамалар жайында арнайы лекциялар өткізіледі. Құқықтық сауаты жоғары бақылаушылардың көп болғаны – әділ сайлаудың кепілі саналады.

«Бақылаушы ретінде қатысқысы келетін адамдар арнайы сауалнаманы толтырады, біз оларға сенімхат береміз. Бақылаушыларды онлайн оқытып, арнайы роликтерді көрсетеміз, заңнамаларды білу керек. Тест тапсырып, одан өткен адамдардың қолында «бақылашы күнделігі» беріледі. Оқыту тегін. Біз бұған дейін 2019 жылы Президент сайлауында да, 2021 жылы депутаттарды сайлау кезінде және былтыр ауылдық әкімдіктерді сайлау кезінде де бақылаушыларды дайындадық. Бұл біздің осымен төртінші рет ұйымдастырып жатқан іс-шарамыз болғандықтан, тәжірибеміз жеткілікті. Биыл 12 мың сайлау учаскесі жұмыс істейді. Дауыс беруде заңсыздықтар болса бақылаушылар оны арнайы хаттама ретінде тіркейді. Сайлаудың әділ өтуіне бақылаушылар кепіл, үлесін қосады. Яғни, үміткерді халық сайлаған, таза сайлаудан жеңген адам деп санауға болады. Әкімдік, ішкі саясат жұмыстарымызға кедергі келтіріп жатқан жоқ, керісінше жиындарымызға қатысып, қолдау көрсетіп жатыр», – деді Халыққа адал қызмет қорының директоры.

Соңғы

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы»...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен...

Махамбет Әбжанға шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалды

Махамбет Әбжанға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, -...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың мәйіті табылды. Олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Бұл туралы полиция мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. 2011, 2014...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» спектаклін қою арқылы әкесіне қиянат жасалғанын айтады. Мұхтар Шәмшіұлының айтуынша, әкесі ешқашан сығандардың тобырында болмаған,...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп «Qnet» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Бұл компания Астана мен...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here