«Бұндай 20 жыл бұрын болған»: Алматы облысында түрмедегі әйел егіз босанды

Алматы облысында жазасын өтеп жатқан әйел егіз босанды. Қос қызды дүниеге әкелген әйел сәбилерімен бірге түре ішіндегі балабақшада тұрып жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Әйел жазасын өтеу мекемесіне жүктіліктің 34 апталығында түскен. Сотталған ана сәбилерге Ольга және Зинаида деген есімдерді берді. Қос егізді қоса санағанда қазір Жауғашты түрмесінде дүниеге келген 34 сәби өмір сүріп жатыр. Олар 3 жасқа толғанша аналарымен бірге болады.

«Мекеме әкімшілігі өз кезегінде ана мен сәбилерге қажетті заттармен, соның ішінде киімдер, балалар тамағы, жөргектермен қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта жас ана мен дүние есігін ашқан сәбилер мекеме ішіндегі  балалар қалашығына орналастырылды. Ана мен балалардың  денсаулығы жақсы, дәрігерлердің бақылауында. Түрмеде егіз табу соңғы рет 20 жыл бұрын болған. Ол кезде дүниеге келген егіздің бірі қыз, екіншісі ұл бала болатын», – деді Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Индира Төреханқызы.

Сәбилер 2150 және 2400 гр салмақпен дүниеге келген. Небәрі 21 жасында сотталған жас әйелге ҚР ҚК 188 (ұрлық ) және 190 (алаяқтық) баптары бойынша айып тағылған. Қылмыстық атқару жүйесі Департаментіне қарасты №10 мекемесінде қазір 500 астам әйел жазаларын өтеп жатыр. Жазаға кесілгендердің ең жасы жиырмаға толмаған қыздар болса, қариясы 80 жастағы әже.

Соңғы

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп,...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот...

Бірмандатты депутаттар анықталды: Сайлауда ең көп дауыс жинаған кім?

Бірмандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты кімдер болатыны анықталды. Орталық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау көрсетті, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін теннистен Қазақстан...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп, нәтижесінде қару қолданған, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  Toyota Estima жүргізушісі оқ атқан сәт...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі кейінге қалды, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni-не сілтеме жасап. Бұл туралы Жетісу облысы сотының баспасөз...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here