«Елімізге қайтуға көмектесіңіздер»: Қазақстандық жүргізушілер Украинадан шыға алмай қалған
Қазақстандық көлік жүргізушілері Украинадан шыға алмай отыр. Астана телеарнасының хабарлауынша, олардың саны шамамен 50-ге жуық, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат агенттігі. Оралдық Нұрым Садықов Украинаға 23-ақпанда жеткен. Сол күні зауыттан ауыл шаруашылығы техникасын тиеп, Қазақстанға кері қайтуы керек болған. Бірақ кенеттен соғыс басталып кетті дейді. Оның сөзіне сенсек, бүгінде зауыттың жұмысы тоқтап тұр, өйткені жұмысшылары түгел…