«Елімізге қайтуға көмектесіңіздер»: Қазақстандық жүргізушілер Украинадан шыға алмай қалған

Қазақстандық көлік жүргізушілері Украинадан шыға алмай отыр. Астана телеарнасының хабарлауынша, олардың саны шамамен 50-ге жуық, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат агенттігі.

Оралдық Нұрым Садықов Украинаға 23-ақпанда жеткен. Сол күні зауыттан ауыл шаруашылығы техникасын тиеп, Қазақстанға кері қайтуы керек болған. Бірақ кенеттен соғыс басталып кетті дейді. Оның сөзіне сенсек, бүгінде зауыттың жұмысы тоқтап тұр, өйткені жұмысшылары түгел майданға жұмылдырылған. Ал шекарадан өздігінен шықпақ болған ақтөбелік жүк көлігін белгісіз біреулер тонап, жүргізушілерінің құжатын ұрлап алыпты. Осыдан кейін алысқа ұзай алмай, кәсіпорынның ауласын паналап отырмыз, дейді оралдық азамат.

“Біз сіздерден көмек сұраймыз. Украинадан шығаруға, елімізге қайтуға. Көмектесіңдер біздерге. Енді жан-жақтың бәрінің көпірлерін жарып жіберген дейді. Жалғыз біз емес, тағы да өзбектер, қырғыздар да бар осы жақта жатқан. Біздің Қазақстаннан 50-дің үстінде машина жатыр осы Украинада. Мына зауыттың ішінде тұрмыз. Украиндар малодец, кеше тамағымыз бітіп, солар үйіне шақырып тамақтарын берді. Бір-екі күн подвалға барып қонып келдік”, –дейді жүк көлігінің жүргізушісі Нұрым Садықов.

Амалы таусылған жүргізушілер Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне де хабарласыпты. Министрлік өкілдері Львов қаласына жетуін сұраған. Бірақ жүргізушілер көлік пен тиелген тауарды иесіз тастап кете алмайтынын айтады. Ал таксистер шекараға дейін жеткізуге 2000 АҚШ долларын сұраған. Ондай ақшамыз жоқ, – дейді көлік жүргізушісі.

Соңғы

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы...

Күдебаев сотқа мәжбүрлеп әкелінеді

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Qazaq.today Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап. «Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq.uni-не сілтеме жасап. Ақтөбе аумағында орналасқан Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы бау-бақша...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтема жасап. Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here