Қазақстанның Украина астанасындағы Елшілігі 34 азаматты Польша шекарасына алып шықты. Олар сол елден Қазақстанға арнайы рейспен қайтады, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Еске салсақ, бүгін таңертең Украинадағы Қазақстан азаматтарын әкелуге 179 орындық ұшақ Польшаға аттанған болатын. ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Ерлан Жетібаевтың хабарлауынша, түске дейін Украина-Польша шекарасынан 241 адам өткен.
Олардың алғашқы легі бүгін түнде Алматыға жеткізіледі. Қазақстан азаматтарының кейбірі Украинаның аумағынан Польша шекарасына дейін қалай жеткендерін айтты. Жалпы бүгін Украинадағы қазақстандықтарды Польша арқылы елге алдыру үшін 3 рейс ұйымдастырылады.
Олар:
1) 28 ақпан Польша уақытымен: Атырау (08:45) – Катовице (09:00/10:30) – Атырау (19:20); Ал Нұр-Сұлтан уақытымен: Атырау (09:45) – Катовице (14:00/15:30) – Атырау (20:20).
2) 28 ақпан Польша уақытымен: Атырау (14:00) – Катовице (14:20/16:00) – Атырау (00:20+1), жергілікті уақыт. Ал Нұр-Сұлтан уақытымен: Атырау (15:00) – Катовице (19:00/20:30) – Атырау (21:20), уақыты Нұр-Сұлтан қаласы.
Үшінші рейстің кестесін азаматтық авиация комитеті қосымша хабарлауға тиіс. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялауға қатысты жағдайды жіті қадағалап отырғанын жазды.