Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі Қазақстанның ресейлік телеарналардың хабар таратуын тоқтату туралы шешім қабылдамағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат агенттігі.
«Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің ұстанымы бойынша телехабар таратуды ешкім шектемейді. Байланыс операторлары мен жеке арна провайдерлері арасындағы — бұл олардың шарттық қатынасы. Біз бұл шарттық қатынастарға араласпаймыз және оған еш қатысымыз жоқ. Бірақ телерадио хабарларын таратуда ешкімді шектей алмайды. Қазақстан ресейлік телеарналарды өшіру туралы шешім қабылдаған жоқ», — деп түсіндірді ведомство тілшісіне.
Ведомство «Ремстройсервис» кәсіпорнындағы жағдайдың қазір тұрақтанғанын және соның ішінде ресейлік араналарды да көрсетуді жалғастырып жатқанын түсіндірді.
Бұған дейін Қарағанды облысындағы «Ремстройсервис» аймақтық телекоммуникация кәсіпорны өзінің Telegram-каналында Украинадағы оқиғаларға байланысты ресейлік федералды телеарналардың хабар таратуын өшіргенін мәлімдеген. Кейінірек хабарландыру жойылды.