editor

Фильмдерге спойлер жасағандар қамауға алынды

Фильмнің қалай аяқталатынын жариялап келген үш адам компанияға шығын келтіргені үшін жауапқа тартылды — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Басылымның мәліметі бойынша Жапонияда танымал фильмдер мен анимеге спойлер жасағандар 12 компанияға миллиондаған сомада шығын келтіргені анықталды. Үш ер адам сайт ашып, жарыққа шыққан фильмдердің қалай аяқталатынын алдын ала жариялап, табыс тапқан….

Толық оқу

«Астана-Алматы» пойызында ерекше күй шертілді

«Аналарға Көмек» қоғамдық қоры «Жалын тобының» жас өнерпаздары Ұлттық тасымалдаушының №10 «Астана-Алматы» пойызында күй тартты, деп жазады Qazaq Today ақпарат агенттігі. Астанада өткен жарыста бас жүлдені иеленіп, шабытқа толы күй орындаған домбырашыларды пойыз жолаушылары шапалақпен қолдап, ықылас танытты. Жолаушылардың пікірінше, өскелең ұрпақтың өнерінен патриоттық сезім мен ұлттық мәдениетке деген құрметі анық көрінеді. Айта кетейік, Ұлттық тасымалдаушының…

Толық оқу

Астанадағы LRT: пойыз машинисі болғысы келетіндер Қытайда тегін оқиды

Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) желісінде жұмыс істейтін пойыз операторларын (машинист) оқыту бойынша алдын ала қабылдау басталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. «City Transportation Systems» ЖШС ақпаратынша, LRT құрамдары толығымен автоматтандырылған және оны адам басқармайды. Пойыз операторлары Еңбек кодексіне сай ресми жұмысқа орналасады, сонымен қатар жұмыс берушінің есебінен оқиды…

Толық оқу

Семейде үлкен сауда үйінің шатыры опырылып түсті (ВИДЕО)

Семейде өртеніп кеткен «Ақшын» сауда үйінің шатыр құрылымы опырылып түсті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Келеңсіз оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Кадрларда «Ақшын» сауда үйінің шатырындағы темір конструкция автобекет жағында құлағаны айтылған. Зардап шеккендер жоқ, алайда бірнеше рейстік автобустар зақымдалған. Полиция семейліктерге абай болуды сұрайды. Абай облысының полиция департаменті өртенген ғимараттағы құрылымның құлағаны туралы растады….

Толық оқу

«Кінәсі жоқ»: бандитік топтың жетекшісі атанған Хасанның анасы мәлімдеме жасады

«Хутор» бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаевтың анасы Мемлекет басшысынан істің әділ тергелуін талап етіп, көмек сұрады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Ресми мәлімдемесінде Гүлнар Нұракенова ұлының жазықсыз екенін айтады. – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа үндеу жариялаймын! Менің баламның ісін әділетті түрде шешіп беруіңізді, өз назарыңызға алуыңызды сұраймын! Баламды жазықсыздан-жазықсыз қаралап отыр. Оның ешқандай кінәсі жоқ….

Толық оқу