Астанадағы LRT: пойыз машинисі болғысы келетіндер Қытайда тегін оқиды

Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) желісінде жұмыс істейтін пойыз операторларын (машинист) оқыту бойынша алдын ала қабылдау басталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

«City Transportation Systems» ЖШС ақпаратынша, LRT құрамдары толығымен автоматтандырылған және оны адам басқармайды.

Пойыз операторлары Еңбек кодексіне сай ресми жұмысқа орналасады, сонымен қатар жұмыс берушінің есебінен оқиды және біліктілігін арттырады.

«Оқу аяқталған соң LRT басқаруға арналған халықаралық үлгідегі сертификат беріледі. Оқу мерзімі – 1 жылға дейін. Оқыту Астана қаласы мен Қытайда жұмыс берушінің есебінен жүргізіледі. Қызметкерлер Қазақстан Республикасының азаматтарынан құралады», — деп мәлімдеді CTS.

Үміткерлерге мынадай талаптар қойылады:

  • темір жол көлігі саласындағы жоғары білім;
  • локомотив машинисі қызметінде кемі 3 жыл/локомотив машинисі көмікшісі ретінде кемі 5 жыл еңбек өтілі қажет.

Пойыз операторларында ауысымдық жұмыс кестесі болады.

LRT пойыз операторларының негізгі міндеттері:

  • жолаушылардың қауіпсіздігін және пойыздың техникалық жағдайын, барлық қауіпсіздік нормасының сақталуын қадағалау;
  • автоматтандырылған басқару жүйесінің жұмысын үздіксіз бақылау, ақауларды анықтау және жою;
  • вагондардың электрлі жылытуды/желдетуді сақтау, жолаушыларды отырғызып/түсіру тәртібін реттеу, жылжымалы құрамның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша басқа да жұмыстарды атқару.

Түйіндеме CTS ресми сайты арқылы қабылданады. Қандай да бір сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 (7172) 577 177 (ішкі 102).

Фото: istockphoto.com

49