Фильмдерге спойлер жасағандар қамауға алынды

Фильмнің қалай аяқталатынын жариялап келген үш адам компанияға шығын келтіргені үшін жауапқа тартылды — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметі бойынша Жапонияда танымал фильмдер мен анимеге спойлер жасағандар 12 компанияға миллиондаған сомада шығын келтіргені анықталды.

Үш ер адам сайт ашып, жарыққа шыққан фильмдердің қалай аяқталатынын алдын ала жариялап, табыс тапқан. Кино өндірісіндегі компаниялар оларды сотқа берді.

Айта кетейік, алаяқтар жариялаған жобалардың қатарында «Годзилла: -1», «Әмірші 3», «Волейбол! Қоқыс алаңындағы шайқас» фильмдері бар.

59