Алматы облысында әлемде сирек кездесетін жәндік табылды

Қазақ ғалымы Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы аумағынан сирек кездесетін түнгі көбелекті тапты.

Scoliopteryx aksuana – әлемде сирек кездесетін түнгі көбелектің фотосын ҚР Зоология институтының энтомология зертханасының аға ғылыми қызметкері Сергей Титов түсіріп алды.

«Сурет Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи саябағындағы Ерен саяжайы табиғи ескерткішінің аумағында түсірілген. Бұл сирек кездесетін түнгі көбелек Қазақстан, Моңғолия және Қытай шекарасында шағын таулы-далалық аумақта таралған», — деп хабарлады Зоология институтынан.

450