Теміртауда тәрбиеші балабақшаға ішімдік ішіп алып барған
Теміртауда балабақшаға мас күйінде келген тәрбиеші мен мекеме директоры жұмыстан босатылды, деп хабарлады Qazaq.today ақпарат порталы «Патриот» порталына сілтеме жасап. 30 қыркүйекте «Айгөлек» балабақшасында тәрбиеші жұмысқа мас күйінде келіп, балаларға агрессия көрсеткен. Кейін тәрбиешінің жұмысқа мас келгені туралы ақпарат полицейлерге анонимді түрде хабарланған. Ата-аналардың біреуі полицияға қоңырау шалған болуы мүмкін. Шақыртудан соң полицейлер сигнал бойынша келіп,…