«10 рет келісімшарт ұзарттық»: мәдениет басқармасы зейнетке шыққысы келмеген әншілердің наразылығына жауап берді
Басқарма басшысының сөзінше, зейнеттегі әншілер үйірме өткізіп, шәкірт тәрбиелегісі келмейді Кеше Facebook әлеуметтік желісінде елімізге белгілі дәстүрлі әншілер – Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтер Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармонияның өздерін жұмыстан босатып жатқандарын айтып, наразылықтарын білдірген болатын. «Құрметті халайық, армысыздар! Біз Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармониясында 45 жылға жуық жұмыс істеп келеміз. Еңбегіміз еленіп мемелекеттік марапат…