Айжан Тәшенова: Қаңтар оқиғалары үшін Мамай да толық жауап беруі тиіс

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Мамайдың наразылық білдірушілерге жетекшілік етуге тырысқан

Заңгер Айжан Тәшенова қаңтар оқиғалары үшін Жанболат Мамай да толық жауап беруі тиіс екенін мәлім етті.

«Құрметті достар! Бүгін Ж.Мамай пост жариялап, Б.Байбектің ар-намысын, абыройын және іскерлік беделін қорғау туралы жазған талап-арызы бойынша сот шешімін қайта қарау жөнінде Жоғарғы Сотқа жүгінгені туралы мәлімдеді.

«Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» дегендей, мұнда бәрі айқын көрініп тұр. Осы арқылы Мамайдың өзі Жоғарғы Сотқа жүгінгенін және оның өтінішін қайта қараудан бас тартқаны туралы бұрынғы барлық мәлімдемелері – толығымен өтірік екенін растап отыр (https://www.facebook.com/zhanbolat.mamay/posts/4853854394657377). Менің ойымша, бұл ешкімді де таң қалдырмайды. Біз тағы да өзіне назар аудартуға тырысып, хайп іздеген Мамайдың арзан қойлымын көріп отырмыз.

Заңгер ретінде Жоғарғы Сот Инга Иманбаеваның дәл осындай өтінішін қараудан бас тартқанын түсіндіріп өткім келеді. Жоғарғы Соттың қаулысы преюдициялық мәнге ие. Бұл дегеніміз, Б.Байбектің Ж.Мамай мен И.Иманбаеваға талап-арызы бірдей жағдайларға негізделгендіктен, Мамайдың да өтініші қанағаттандырылмайды деп толық сеніммен айтамын. Негіздеме: Ж.Мамай мен И.Иманбаеваның маған сенім білдіруші Б.Байбекке қатысты жалған айыптауларына ешқандай да дәлелдің болмауы», – деп жазды Facebook парақшасында.

Оның айтуынша бүгінгі күні біздің еліміз қаңтардағы қайғылы оқиғаның салдарынан әлі де шыға алмай отыр.

«Көптеген адамдарды оның себебі неде және оның артында кім тұр деген сұрақ мазалайды. Бұл ретте, өткен жылдың сәуір айында Б.Байбек өзінің сұхбатында Ж.Мамайдың деструктивті әрекеті, оның адамдарды алдау әдістері, кез келген себеппен көшеге шығуға шақыруы, заңды елемей, полициямен қарама-қайшылыққа түсу үлкен қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін ескерткен болатын.

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Мамайдың наразылық білдірушілерге жетекшілік етуге тырысқанында оны митингке шыққандардың өздері соққыға жыққаны да нақты көрсеткіш болып табылады (https://www.facebook.com/100001300204657/posts/4671142569605704/?d=n). Бұл оның халық арасында еш беделінің жоқ екендігін көрсетеді. Ол қуыршақ ойнатушылардың қолындағы жай ғана «соқыр қуыршақ», – деді Айжан Тәшенова.

Сөз арасында ең бастысы, Мамай жылдар бойы өз қызметін жазасыз жүргізіп, көптеген мемлекет қайраткерлерін ауыр күнә жасады деп дәлелсіз айыптап, біздің қоғамда өшпенділікті қалыптастырды.

«Көшелерге шығуға, заңсыз митингілер ұйымдастыруға, полициямен текетіресуге үнемі шақыруларымен Мамай және оның қамқоршылары 2022 жылдың қаңтар айындағы лаңкестік әрекеттерге барлық жағдайды жасады.

Тек маған сенім білдіруші ғана Мамай мен Иманбаеваға тек азаматтық тұрғыда талап қою туралы шешім қабылдап, көпшілікке олардың кім екенін және олардың мәлімдемелері жалған екендігін көрсетті.

Бұл барлығына үлгі боларлық жағдай және болашақта азаматтарымыз өздерінің ар-намысын қорғау үшін сотқа жүгінуден қорықпауы керек. Біздің қоғамда өтірік пен жала жабу үлкен қылмыстарға алып келуі мүмкін екендігін түсіне отырып, біз оларға тосқауыл қоюымыз керек», – деді заңгер.

Соңғы

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

Тоқаев Израиль президентімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті,...

Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі тағы да ұзартылды

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 21...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. Алдын ала қорытынды бойынша көп дауыс...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 наурызда Баку порты бағытында одан әрі тасымалдау үшін...

Тоқаев Израиль президентімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті, - деп жазды Ақорда. Израиль тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here