Эксклюзивті мазмұн:

«Улы сілекейін шашып жүр»: Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевке жауап берді

Сенат қабырғасында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы...

«42 метрде орналасқан»: сот «Кублей» зауытына қатысты дауға нүкте қоя алмады

«Кублей» зауыты мен Орал қаласының әкімдігі арасындағы іс белгісіз...

Президент сайлауы кезінде тәуелсіз бақылау жүргізген «HAQ» қоры жұмыстарының нәтижесін жариялады

Тәуелсіз бақылаушылар президент сайлауының қалай өткенін жариялады.  «HAQ» қоры...

Түркістанда журналисті өлтіруге киллер жалдаған: Қылмыс туралы тың деректер жарияланды

Түркістан облысында журналисті өлтіруге тапсырыс беру қылмысына қатысты жантүршігерлік деректер жарияланды, деп хабарлайды Qazaq.today сайты Otyrar порталына сілтеме жасап.

Киллерді Сарыағаш аудандық білім басқармасының басшысы Бауыржан Майрихов жалдағаны бұған дейін белгілі болды. Ол  журналист Амангелді Батырбековты өлтіруге тапсырыс берген. Бірақ қылмыскерлер шатасып, журналистің ұлына оқ атқан.

3 қаңтарда белгісіз біреулер «Сарыағаш инфо» газетінің бас редакторы Амангелді Батырбековтың үйіне келіп, терезеге оқ атқан. Сол кезде журналист ұлынан айырылып қала жаздапты. Киллер Аменгелдіге емес, Дінмұхамед Батырбековке оқ атты.

«Ол адам есікті ашып жатқанда оны жауып алдым. Ол сасып қалды. 2 секундтай тұрды. Сосын шолақ мылтығын алып шықты. Атамын дегенше мен екі қадам артқа қарай шегініп үлгердім.  Бір метрге ұшып түсіп, басқа есіктен шықтым да, қаштым. Ол артымнан қуды. Арамыз жеті метрдей болды, тағы оқ атты. Мен құладым. Ол 10-20 секундтай қарап тұрды да, кетіп қалды. Қансырап жатқанымды көріп, бәрібір өледі деп ойласа керек», — дейді журналистің ұлы.

Журналист Амангелді Батырбеков кімнен күдіктенетінін бірден айтты. Ол 8 жылдан бері аудандық білім басқармасы басшысының жемқорлық әрекеттері туралы жазып келеді. Шенеунік те оған талай рет қоқан-лоқы жасаған.

Батырбековтың айтуынша, соңғы рет қараша айында сыни мақала жариялаған. Журналист шенеуніктің өз балабақшасына 40 миллион теңгені қалай бөлгенін жазды. Дәл сол материалдан кейін басқарма басшысының «шыдамы таусылған» сияқты.

«Бауыржан Майрихов туралы 5-6 мақаладан артық материал жаздым. Фейсбуктегі посттарым да аз емес. Тақырыпқа «мафия» деген сөзді де шығардым. Бірақ ол мені сотқа бере алмады. Өйткені нақты дәлелдер бар», — дейді Батырбеков.

Амангелді полицияға арыз түсірді. Сол жерде оның болжамы расталды. Шенеунік шынымен де журналисті өлтіруге тапсырыс берген. Алдымен қарамағында істеген бір адаммен келіскен. Ол тапсырысты орындайтын жас жігіттерді тауып берген. Қылмыскердің бәрі ұсталды. Артынан тапсырыс беруші де әшкереленді.

Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Қайрат Далбековтың айтуынша, шенеунік журналистің өмірін 5 миллион теңгеге бағалаған.

«Тапсырысты орындаушылар ізін жасыруға тырысты. Шардара арқылы Арысқа барған. Сосын Арыстан Шымкентке өтіп кетті. Екі ВАЗ маркалы көлік заттай айғақ ретінде тәркіленді. Олар көліктерді тапсырыс берушіден алған ақшаға сатып алыпты. Бұдан бөлек, 16 калибрлік патрондар табылды», — дейді Далбеков.

Бауыржан Майрихов Сарыағаш аудандық білім басқармасын 5 жылдай басқарды. Қазіргі кезде ол тағы төрт адаммен бірге қамауға алынды.

Соңғы

«Улы сілекейін шашып жүр»: Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевке жауап берді

Сенат қабырғасында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы...

Құрғақ сай: Шымбұлақта жаңа 3 км шаңғы жолы қосылды

2022-2023 қысқы маусымында «Шымбұлақ» тау шаңғы кешенінде «Құрғақ Сай»...

LRT ісі: сотталушы Сағынтаевтан, Ахметовтен, Исекешевтен және Тасмағамбетовтен жауап алуды талап етуде

LRT/BRT қылмыстық ісінде айыпталушы Ұлықбек Ачилов 23 қарашада астананың...

«42 метрде орналасқан»: сот «Кублей» зауытына қатысты дауға нүкте қоя алмады

«Кублей» зауыты мен Орал қаласының әкімдігі арасындағы іс белгісіз...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

«Улы сілекейін шашып жүр»: Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевке жауап берді

Сенат қабырғасында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед ресейлік сарапшылардың «Россия 1» телеарнасында сөйлеген сөздеріне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qazaq.today...

Құрғақ сай: Шымбұлақта жаңа 3 км шаңғы жолы қосылды

2022-2023 қысқы маусымында «Шымбұлақ» тау шаңғы кешенінде «Құрғақ Сай» жобасын іске асырады, ол + 3 км жолды қосуға мүмкіндік берді. Бұл туралы Qazaq.Today тілшісі...

LRT ісі: сотталушы Сағынтаевтан, Ахметовтен, Исекешевтен және Тасмағамбетовтен жауап алуды талап етуде

LRT/BRT қылмыстық ісінде айыпталушы Ұлықбек Ачилов 23 қарашада астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында маңызды куәлік беріп, жоғары лауазымды тұлғалардан жауап алуды сұрады. Ұлықбек...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here