Эксклюзивті мазмұн:

Қытай Ресейге ескерту жасады

Қытай басшылығы Батыс елдеріне ядролық қару қолдану жөнінде қоқан-лоққы...

Бір жыл бұрын Байзақтағы жарылыста із-түзсіз кеткен әскери қызметшінің сүйегі табылды

Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі,...

«Ауыз өзімдікі деп адамдар айта береді, «обедке» асығып тұрмын»: шағымға Іле ауданы әкімдігінің жауабы

Алматы облысының елді мекендеріндегі жолдар қардан, мұздан мүлдем тазаланбайды....

«10 рет келісімшарт ұзарттық»: мәдениет басқармасы зейнетке шыққысы келмеген әншілердің наразылығына жауап берді

Басқарма басшысының сөзінше, зейнеттегі әншілер үйірме өткізіп, шәкірт тәрбиелегісі келмейді

Кеше Facebook әлеуметтік желісінде елімізге белгілі дәстүрлі әншілер – Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтер Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармонияның өздерін жұмыстан босатып жатқандарын айтып, наразылықтарын білдірген болатын.

«Құрметті халайық, армысыздар! Біз Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармониясында 45 жылға жуық жұмыс істеп келеміз. Еңбегіміз еленіп мемелекеттік марапат та алдық. Енді облыстық мәдениет басқармасы мен филармония басшылары бізді жұмыстан шығып, киелі сахнаны босатыңдар деген талап қойып отыр. Сіздердің пікірлеріңіз қажет болып тұр. Нұрғали ағамыз, Бибігүл апайымыз, басқада сахна саңлақтары әлі күнге дейін өз ұжымдарында жұмыс істеп, өнерлерін паш етіп жүр. Филармониямызда республикаға еңбек сіңірген бар-жоғы 4-5 өнер қайраткері бармыз, бәрімізді зейнеткер деп сахнадан қуып шығу әділдік пе? Кейінгі өнерлі жастарға облысымыздың мақтан тұтар, бетке ұстар өнер тарландары деп үлгі етудің орнына сахнадан кетіңдер дегені қаншалықты дұрыс деп ойлайсыздар? Бәріміздің кәсіби деңгейіміз жоғары. Фонограмма дегенді қолданбаймыз, халық үшін сағаттап ән салып, күй тартуға бармыз. Пікірлеріңізді күтеміз!» – деп жазған.

Аталған жазба әлеуметтік желіде тез тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Бір тарап «бұл дәстүрлі өнерге жасалып отырған қиянат» десе, енді бір тарап «зейнеткерлер орындарын босатып, жастарға орын беруі тиіс» деп пікір білдіруде.

«АЙЛЫҚТАН ЗЕЙНЕТАҚЫ КӨП БОЛСА, ЕШКІМ РЕНЖІМЕС ЕДІ»

Azattyq Rýhy тілшісі аталған жағдайға байланысты белгілі өнер саласы өкілдері мен облыстық Мәдениет басқармасы басшысының пікірін сұрап білді.  Ақын, журналист Айнұр Төлеу әділдікті адамның лауазымы мен танымалдығына қарамай бірдей талап ету керекпіз дейді.

«Президентіміз де, әншіміз де, талантымыз бен дарынымыз да зейнетке шыққан соң, демалуы керек. Бізде қалай? Біз танымайтын бөгде адамдар зейнетке шықпай қойса «шалдар орын бермей қойды» деп шығамыз. Ал танитын, елге танымал осындай ағаларымыз сөйлесе, әділетсіздік, бассыздық деп ұрандаймыз. Демек, өзіміз әділетсізбіз. Бірақ сол әділетті талап етуге шеберміз. Өнерде «пенсия» жоқ депті біреу.  Ал енді шығып келе жатқан өнерпаз не істеуі керек сонда? Бұл мәселені шешудің бір ғана жолы – зейнетақыны көбейту. Сонда адамдар зейнетақыға шығуға асығар еді. Айлықтан зейнетақы көп болса, мемлекет еңбек еткен азаматтарын алғыспен, ренжітпей шығарып салса, ешкім ренжімес еді»,-деді журналист.

Ал сатирик Асқар Наймантаев болса тәжірибелі өнерпаздардың халық алдында жүре бергені дұрыс деп отыр.

«Осы жаңалықты жаңа Facebook-тен көріп, өзім де таңғалып отырмын. Өнер әлемі «кәрі-жас» болып бөлінбейтін кезі болады. «Жастарға орын босатсын, зейнетке шыққасын кетсін!» деген пікір де оқып отырмын. Кей жастардың көрерменге сұранысы бар ма?! Республика бойынша алмай-ақ қояйын, сол облыс төңірегінде дейік Қанат пен Айткүлдей республикаға танымалдылары саусақпен санарлық емес пе? Қанат, Айткүлдер Кеңес үкіметі кезінен өзге елдерге де танымал тұлғалар. Жасыратыны жоқ, Алматы залдарында неше түрлі концерттер ұйымдастырып жүрміз. Афишаға суретін салып қойғанда көпшілік Қанат пен Айткүл, Мақпал, Розалар үшін билет алады. Жастарды алтынмен жалатып қойсаң да өтпей жатады. Бірақ, солар қатысқан кештер арқылы жастар таныла бастайды. Осындай тұрғыдан алып қарағанда жасы келді деп емес, енді берері жоқ, қызығы таусылды деп бағалап көрсе қысқартатын бастықтар. Жанбай жатып сөніп, сахнада көрерменмен салғыласып жататын, той мен қасиетті сахнаны шатастырып алған жастарды да көріп жүрміз. Сахнаның этика, эстетикасынан жұрдай сондай жастан гөрі, осындай ысылған өнерпаз қатарда жүре тұрғаны, үлгі-өнеге бола тұрғаны керек шығар», – деп пікір білдірді Наймантаев.

«ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР КОНЦЕРТТЕРДЕ ӨНЕР КӨРСЕТПЕЙ, ҮЙДЕ ЖАТЫП, ТҰРАҚТЫ АЙЛЫҚ АЛУДЫ ҚАЛАЙДЫ»

Алматы облысының мәдениет басқармасының басшысы Марлен Көлбаев әншілердің заңды түрде зейнетке кетуін талап ету «сахнадан кет» дегенді білдірмейтінін айтты. Алматыда тұратын дәстүрлі әншілер осы уақытқа дейін филармонияда бірде-бір шәкірт тәрбиелемеді деп отыр.

«Құдайбергеновтерге ешкім «сахнадан кетіңіздер» деген жоқ. Айткүл әпкеміз зейнетке шыққаннан кейін келісімшарт жеті жылға жеті рет, Қанат ағамызға үш жылға үш рет ұзартылды.  Филармония директоры маған келіп: «Бізде 7-8 зейнеткер жұмыс істейді, олар Талдықорғанда емес, Алматыда тұрады. Концертке шақырсақ кейде «ауырып қалдық», енді бірде «өздерің өткізе бересіңдер ме, ол концертте кімнің алдында өнер көрсетеміз, кім бар, кім жоқ деп айтады. «Зейнет жасындағы мамандарды зейнетке жіберсек бола ма?» деп рұқсат сұрады. Мен зейнетке жібер, ол кісілерге жағдайды түсіндіріп, зейнетке салтанатты түрде шығарып салайық дедім. Директор «Біздің филармонияның есігі өздеріңізге әрқашан ашық. Індет аяқталған соң, концерт қоямын десеңіздер, оны ұйымдастырып берейік. Облыста үлкен концерттер болып жатса, сіздерді ақылы түрде шақырамыз. Біз сіздерді қуып жатқан жоқпыз, сіздердің орындарыңызға жас мамандарды алайық» деген. Қанат ағаның да, Айткүл апайдың да филармонияға ертіп әкелген шәкірті жоқ», – деді басшы.

«ҮЙІРМЕ АШЫП, ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕСЕ ҚОЛДАУҒА ДАЙЫНБЫЗ»

Басшының мәліметінше, филармонияда 15-ке жуық дәстүрлі, тағы 15-ке тарта эстрада әншісі бар. Құдайбергеновтерден бөлек, зейнетке шығуды өзге де әншілерден өтініп, салтанатты түрде шығарып салуды жоспарлаған.

«Негізі ол кісілер бірінші қаңтардан бастап зейнетке кету керек болатын, бір ай бұрын ескерту қағазы берілді. Елдегі Төтенше жағдайға байланысты зейнетке шығару рәсімін ақпанға қалдырдық. Шапандарын кигізіп, халықтың алғысын айтып шығарып салуды жоспарлағанбыз. Бұл кісілер өздері Алматыда тұрады, жұмыстары Талдықорғанда. Қаңтардағы көтеріліс осы жұмыссыздық үшін, әділетсіздік үшін болды. Жастар келіп жұмыс сұрайды, зейнетақысы бар зейнеткерлер ресми жұмыстарын бергілері келмейді. Біз ол кісілерді сахнадан қуып жатқан жоқпыз, тек жастарға мүмкіндік, жұмыс берейік деп жатырмыз. Біздің Алматы облысында 17 аудан, 3 қала бар. Солардың қайсысына барып концерт қоямын десе, біз залын, аппаратурасын тегін беріп, қолдау көрсетуге дайынбыз. Халық сыйлайтын өнерпаздар екенін бәріміз білеміз. Ол кісілер Алматыда тұрады, концертке шақырсаң келгілері келмейді.Мемлекет тарапынан жаңадан ашылып жатқан бағдарламалар бар, солардың аясында үйірмелер ашып, шәкірт тәрбиелеймін десе біз қаржысын төлеп, қолдау көрсетуге дайынбыз. Бірақ ол кісілер бұл ұсынысымызға көнбей отыр, өздері Алматыда жүре берсе, айлықтары тұрақты түрде жүріп отырғанын қалайды», – деді Марлен Көлбаев.

Сондай-ақ, Мәдениет басқармасы басшысынан бүгінде елордада тұрып, тележүргізушілікпен айналысып жүрген Гүлнұр Оразымбетованың «Облыстық филармонияда жұмысын жүргізуі жалғаса ма?» деген оқырмандар сауалына да жауап сұрап көрдік.

«Гүлнұр Оразымбетова бізде жарты ставкіге қойылған, танымал әншілерді концерттерге гонорар шақырып төлеу қымбат болған соң, осылай ресми жұмысқа тіркеп қойған. Филармония басшысына «Әділдік бәріне тең болуы үшін ол кісіні де жібер» дедім.  Тағы да айтамын, біз Құдайбергеновтерді сахнадан қуып жатқан жоқпыз, осыны ескерсеңіздер екен. Енді ол кісілер біздің шешімімізбен келіспеді екен деп, жұмысқа қайта ала салмаймыз ғой. Әділдік бәріне тең болуы тиіс», – деді басшы.

Соңғы

Байзақтағы жарылыста із-түзсіз жоғалған сержанттың сүйегі табылды

Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылыс кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен...

Қытай Ресейге ескерту жасады

Қытай басшылығы Батыс елдеріне ядролық қару қолдану жөнінде қоқан-лоққы...

Бір жыл бұрын Байзақтағы жарылыста із-түзсіз кеткен әскери қызметшінің сүйегі табылды

Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі,...

«Ауыз өзімдікі деп адамдар айта береді, «обедке» асығып тұрмын»: шағымға Іле ауданы әкімдігінің жауабы

Алматы облысының елді мекендеріндегі жолдар қардан, мұздан мүлдем тазаланбайды....

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Байзақтағы жарылыста із-түзсіз жоғалған сержанттың сүйегі табылды

Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылыс кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен сержанттың денесі табылды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.  Жамбыл облысындағы №28349 әскери бөлімі өрт сөндіру қызметінің...

Қытай Ресейге ескерту жасады

Қытай басшылығы Батыс елдеріне ядролық қару қолдану жөнінде қоқан-лоққы жасап жатқан Ресейге қатаң ескерту жасады. Бұл туралы The Moskow News хабарлады. «Осы ескертуден кейін Ресей жоғары басшылығының...

Бір жыл бұрын Байзақтағы жарылыста із-түзсіз кеткен әскери қызметшінің сүйегі табылды

Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі, кіші сержант Бауыржан Дәуітбаевтың сүйегі табылды, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. Іздеу жұмыстары...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here