Риддерде төтенше жағдай режимі алынып тасталды
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі алынды, деп хабарлайды Qazaq.today ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. ШҚО әкімдігінің мәліметінше, «Риддер ЖЭО» АҚ иесі ауысқалы бері ақаулар тыйылып, жылу мәселесі шешімін тауып келеді. Қазіргі уақытта орталық штаттық режимде жұмыс істеп тұр. ЖЭО иелері келесі жылыту маусымына дейін жүргізілетін жөндеу жұмыстарының кестесін жасауда. «Осындай қиын кезде…