«Бізде пияз мәселесі жоқ»

Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин пияз бағасы өсті деген сөзбен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Сенат кулуарында журналистер Жұманғариннен пияз бағасының қымбаттау себебін сұраған.

«Мен сізбен келіспеймін. Баға қазіргі уақытта тұрақтанды. Әрине, сіздер айтпасаңыздар, пияз мәселесін адам білмейтін еді. Бірақ БАҚ-тың сондай күші бар. Пияз деген жетеді. Экспортты жауып тастадық. Пияз деген Қазақстанда жеткілікті. Баға – 130 теңге. Астанада «Магнум» дүкеніндегі баға сондай. Кеше «Магнум» өзі тексеріс жүргізіп, тауарды кезек-кезекпен қайта-қайта алып, базар арқылы сатып жатқан 19 кісіні анықтады. Ол деген дұрыс емес қой. Біз осы тауарды халыққа арзандатып, 130 теңгеден сатып жатырмыз», – дейді ол.

Жұманғариннің айтуынша, азық-түліктің сапасы төмен деген әңгіме басталған.

«Барып тексердік. Сапасы жақсы. Әрине, арасында кесілгені, езілгені болады. Картопта да сондайы кездеседі. Әрбір әкімдікке индикациялық баға бердік. Осындай бағамен сатасыз деп. Биыл инфляцияның деңгейі 9,5 пайыздан аспайды. Соған байланысты Статистика бюросымен бірігіп бағаның индикаторларын жасадық. Дұрыстап айналым схемасы арқылы алған әкімшілік шығын көрмейді. Кезінде пиязды қорларға салып 45-50 теңгеден алуға болатын еді. Картоп 60-70 теңгеден болды. Делдалдар арқылы алып жатқандарға әрине қиын», – дейді шенеунік.

Пияздың қымбаттауына журналистер кінәлі ме деген сауалға министр: «Олай айтқан жоқпын. Бос жарнама жасамасаңыздар. Пияз жеткілікті, ешқандай даурығудың қажеті жоқ» деп ескертті.

 

Qazaq.today

Соңғы

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп,...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот...

Бірмандатты депутаттар анықталды: Сайлауда ең көп дауыс жинаған кім?

Бірмандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты кімдер болатыны анықталды. Орталық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау көрсетті, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін теннистен Қазақстан...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп, нәтижесінде қару қолданған, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  Toyota Estima жүргізушісі оқ атқан сәт...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі кейінге қалды, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni-не сілтеме жасап. Бұл туралы Жетісу облысы сотының баспасөз...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here