Риддерде төтенше жағдай режимі алынып тасталды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі алынды, деп хабарлайды Qazaq.today ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

ШҚО әкімдігінің мәліметінше, «Риддер ЖЭО» АҚ иесі ауысқалы бері ақаулар тыйылып, жылу мәселесі шешімін тауып келеді.

Қазіргі уақытта орталық штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

ЖЭО иелері келесі жылыту маусымына дейін жүргізілетін жөндеу жұмыстарының кестесін жасауда.

«Осындай қиын кезде дүрбелеңге бой алдырмай, қауесеттерге сенбей, болып жатқан жағдайларға түсіністікпен қараған Риддер қаласының тұрғындарына алғысымды білдіремін. Риддер әкіміне жылу электр орталығының қазір ақаусыз жұмыс істеуіне байланысты қаладағы жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимін алып тастауды тапсырдым», – дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Осылайша, Риддерде енгізілген төтенше жағдай барлығы үш айға созылып отыр.

Еске салсақ, қаңтар айында Риддердегі жылу электр орталығының иесі ауысқанын хабарлаған едік.

 

Qazaq.today

Соңғы

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп,...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот...

Бірмандатты депутаттар анықталды: Сайлауда ең көп дауыс жинаған кім?

Бірмандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты кімдер болатыны анықталды. Орталық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау көрсетті, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін теннистен Қазақстан...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп, нәтижесінде қару қолданған, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  Toyota Estima жүргізушісі оқ атқан сәт...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі кейінге қалды, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni-не сілтеме жасап. Бұл туралы Жетісу облысы сотының баспасөз...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here