«Бюджетті талан-таражға салды»: Алматы облысында әкімдік аяқсыз қалған құрылыс жұмысын қабылдап алған
Алматы облысында әкімдіктің қызметкерлері бюджеттің қыруар ақшасы жұмсалса да аяқсыз қалған құрылыс жұмыстарын мердігерден қабылдап алған. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша Кеген аулына небәрі 5 км-ге жуық арық тарту үшін бюджеттен 52 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Алайда 2017 жылы басталған жұмыс жартылай шала қалған. Тапсырыс беруші Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жартысы жасалмаған арықты мердігер…