Жаңаөзенде тағы наразылық басталды

Жаңаөзенде бір топ адам жұмысқа тұру үшін жарты жылдан астам уақыт бойы «Өзенмұнайгаз» АҚ ғимаратының алдында наразылық акциясын өткізіп жатыр. Олар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жұмысқа орналасуға көмектесуді өтінген видео үндеу жазды. Үндеуде қала тұрғындарының жарты жылдан астам уақыт ереуілге шыққаны айтылған. Ер адамдар тиісті дайындықтан өткендерін, серіктестіктің бірінші басшысы Мақсат Ибағаров оларды жұмысқа алмаса, қызметінен…

Толық оқу

«Самат Әбішті тұтқындауға ордер берілген» — Айдос Сарым (ВИДЕО)

Назарбаев әулетінің біразы Дубайда жүр. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым сұхбат беріп, Назарбаев әулеті, референдумнан кейінгі өзгерістер, суперпрезиденттік жүйеден бас  тарту туралы пікір білдірді. Депутат референдум ойдағыдай өткенін айтты. Айдос Сарымның пікірінше, референдумға көпшілік өз еркімен дауыс берген. – Референдум ойлағандай өтті деп ойлаймын. Өтірік дауыс беру туралы көп дерек жоқ. Бірінші күні прокуратураға…

Толық оқу

LRT қаржысын жымқырған Қанат Сұлтанбек Америкада тойда жүр

Astana LRT қаржысын жымқырды деген күдікке ілініп, халықаралық іздеу жарияланған Қанат Сұлтанбек өткен демалыс күндері Нью-Йорктің қымбат ауданында дүркіреген тойда жүргені видеоға түсіп қалды. Azattyq Rýhy дәлел ретінде Қанат Сұлтанбектің заңды әйелі Шолпан Сергейқызының әлеуметтік желіде жариялаған видеосын ұсынды. «Біз қайда бара жатырмыз, табыңыздар!» деген Шолпан Сергейқызы көп ұзамай америкалық жұптың тойынан үзінді көрсете бастады. Видеодан…

Толық оқу

«Сұраған бес мың теңгесін салып жіберуім керек еді» – үйіне табытпен оралған сарбаздың туыстары оқиғаның мән-жайын айтты

Маңғыстау облысына әскерге кетіп, үйіне табытпен оралған сарбаз туған жері Түркістан облысы Сарыағашта жерленді. «19 жастағы Еділ Тешебаев отбасындағы тұрмыстық жағдайға төзе алмай, өзіне қол салған», – дейді әскерилер. Тіпті өлер алдында бірнеше хат жазып қалдырған, – деп хабарлайды КТК арнасы. Бірақ марқұмның жақындары мен достары хаттағы қолтаңба Еділдікі еместігін айтады. Үнемі туыстары мен жолдастарынан телефон арқылы ақша салуды…

Толық оқу

«Асылып өлуден басқа жол қалмады»: Ақмола облысында жесір әйел алты баласымен бірге аш отыр

Ақмола облысында жалғызбасты ана алты баласымен бірге аш отыр. Бурабай ауданына қарасты Обалы ауылының әкімі мен мектеп директоры жалғызбасты ананы оңтүстіктен солтүстікке көшіртіп алған. Үйіп-төккен уәделерге сенген жесір әйел енді ішерге ас, киерге киім, аурушаң балаларын көрсететін дәрігерді де таппай отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy-қа сілтеме жасаған Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Камилла Исмайылованың солтүстікке қоныс аударғанына…

Толық оқу