Эксклюзивті мазмұн:

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС салу: сарапшылар пікірі

Биыл ақпан айында еліміздің энергетика саласын дамыту мәселелері жөніндегі...

ҚР Жоғарғы сотының жаңа төрағасы тағайындалды

Бүгін Сенат депутаттары ҚР Жоғарғы Сотының жаңа төрағасын сайлады....

Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының ұзақтығы мен демалыс уақытын анықтайтын бұйрықты жариялады

Бұйрық жобасы бекітілсе, барлық білім ошақтарында оқу жылының мерзімі...

«Асылып өлуден басқа жол қалмады»: Ақмола облысында жесір әйел алты баласымен бірге аш отыр

Ақмола облысында жалғызбасты ана алты баласымен бірге аш отыр. Бурабай ауданына қарасты Обалы ауылының әкімі мен мектеп директоры жалғызбасты ананы оңтүстіктен солтүстікке көшіртіп алған. Үйіп-төккен уәделерге сенген жесір әйел енді ішерге ас, киерге киім, аурушаң балаларын көрсететін дәрігерді де таппай отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy-қа сілтеме жасаған Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

Камилла Исмайылованың солтүстікке қоныс аударғанына 5 ай болған. Қыстың қаталдығына қарамай-ақ Алматы облысынан солтүстікке көшіп барған. Халық тастап кеткен ауылды құтқарып қалуға тырысқан жергілікті басшылар, жар салып, көпбалалы отбасыларға іздеу салған. Қаскелең қаласында тұрған Исмайыловтарды да өздері тапқан.

 

«Обалы аулына қаңтар оқиғасынан кейін көшіп бардық. Ол ауыл Щучинск қаласынан 50 км жерде орналасқан. Картадан жоғалып бара жатқан ауылды құтқару үшін жасаған әрекеттері. 14 қаңтарда пойызға отырдық. Барған соң билеттің ақшасын директорға толық қайтарып бердім. Олар ешбір заттарыңды алмаңдар, тек киімдеріңді әкеліңдер, қалғанының бәрін қамтамасыз етеміз деген. Үйді де, малды да  береміз деген.

Тұрып жатқан баспанамыз мынау, тастап кеткен, қараусыз қалған біреудің ескі үйі. Ірі қара тұрмақ, ұсақ малды да бермеді. Мына жақта малсыз өмір сүру мүмкін емес. Жұмыс жоқ. Сиыры барлар ғана ептеп күн көреді, сүт ішеді. Бізде ол да жоқ. Мүлдем аш қалғанымызға бір аптадан асты. Балаларым суға піскен макароннан да жалықты. Ауылда екі дүкен бар, қарызға әбден баттық. Олар да азық-түлікті қарызға беруді тоқтатты. Балаларым қант сұрайды, бір кесе қантты екі мың теңгеге таппайсың ауылда. Көршілерден де тамақ сұрап шаршадым», – деді Камилла Исмайылова.

 

Әкімдік жалғызбасты әйелді баланың жәрдемақысынан да айырған. Балалардың әкесі із-түзсіз жоғалып кеткен. Әкесіз қалған ұл-қыздарын ептеп бағып келген ана әкімдік берген уәдеге сеніп, солтүстікке көшкеніне өкінеді. Олар кері қайтуға да бекінгенмен, билет тұрмақ, ас-суға ақша таппай отыр.

«Әкімдік уәде еткен дүниелерді сол қалпы бермеген. Күйеуінің ұлты – шешен. Барған жерлерінде ауыл адамдары «сендер қазақ емессіңдер» деп балаларын да шеттетеді екен. Обалы ауылынан халық жаппай көшіп, мектеп жабылардың алдында тұрған еді. Мектепті жапқызбау үшін оңтүстіктен көпбалалы отбасыларды іздеген. Нәтижесі міне, осылай, мектептегі бала саны толған соң, басшылары уәделерін ұмытып кетті. Маған Камилла күнде хабарласады. Отбасы аш, ауылдағылар да сыйғызбаған. Бүгін «асылып өлуден басқа жол қалмады, балаларымның тамақ сұрап жылағанын көруден шаршадым» деп хабарласты. Солтүстіктегі халық санын көбейтудің жолында шенділердің көзбояушылықпен атқарған жұмыстарының нәтижесі осы», – деді ерікті Жұлдыз Несіпбаева.

Ауыл мектебінде небәрі 42 ғана оқушы қалған. Оның төртеуі Камилланың балалары. Күйеуі жоғалып кеткен жесір әйелдің ең кішісі екі жасқа да толмаған. Үйдегі кішкентайларға міндетті екпені салмақ түгіл, педиатор ол жанұяны бір рет те іздеп хабарласпаған.

«Жәрдемақыны да бермей отыр. Із-түзсіз кеткендіктен, күйеуіме іздеу салынған. Алматы миграциясы анықтама жіберген. Мына жердегілер үш ай сайын анықтама сұрайды. Полиция «қайта-қайта анықтама бере беретін бұл жер сіздерге емхана емес» деді. Әкімдік қажет құжаттарды өздері-ақ ала алатын мүмкіндігі бар. Мен анықтаманың түп нұсқасын Алматыдан әкелу үшін кішкентай балаларымды тастап, жолға шыға алмаймын. Жәрдемақыны да тоқтатты. Соңғы кездері мүлдем аш отырмыз. Уәдеге сеніп, тұрмысқа қажетті заттарды да әкелмеген едік. Малы да, дүниесі де өтірік болып шықты. Тоғайдың арасында отырмыз, қорқып. Жағдайымызды айтып едік, әкім «өзім әрең жүрмін» деді.

Мына жақтан қалай кетсек?  Дүкендерге де, айналамызға да қарызбын. Макаронды да жемейді балаларым. Жалықты. Екі балам екі жыл бұрын көлік апатына түскен. Жаяу жүргіншілер жолына өтіп бара жатқанда машина қағып кеткен. Қызымның басында ісік бар. Мына жақта ота тұрмақ, дәрігер жоқ. Ауыл тұрмақ, Щучинскіде де невропатолог жоқ. Екі кішкентайыма міндетті екпені де салған жоқ. Бір педиатор келіп қараған жоқ», – дейді көпбалалы ана.

 

Ол сөзін жалғай отырып, ауыл жұрты оларды ұлты бөлек болған соң шеттететінін айрықша айтып өтті.

«Ұл-қызымды да ұлты бөлек болған соң ауыл балалары ұрып-соқты. Далаға да шығудан қалдық. Күн суық, әлі күнге көмір жағып отырмыз. Қораның ішінде бұрынғы иесінен көмір қалыпты. Сол көмірді жағып шықтық. Кейде неше түрлі жаман ойлар келеді. Әбден шаршадым. Мына жерде өмір сүру өте қиын. Малы көп адамдарға жақсы, бізде мал тұрмақ, кептеріміз де жоқ. Солтүстікте азық-түлік қымбат. Қантсыз отырғанымызға екі аптадан асты. Балаларымды солтүстікке сүйреп әкелгеніме өкінемін. «Кетіңдер ауылдан» деп қуып жатыр осындағылар, өлгім келеді кейде, балаларым да кетейікші деп жатыр.  Әкімнің жағдайы бізден де төмен екен. Әкімдер біз көшіп барғанда, БАҚ өкілдерін жинап әкеліп, мақтанып жан-жаққа хабар таратқан. Содан бері қайыр жоқ», – деді жалғызбасты ана.

Соңғы

135 млрд теңге: ҰҚК қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырудың жолын кесті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2022 жылғы шілде айында кәсіпкерлік субьектілеріне...

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС салу: сарапшылар пікірі

Биыл ақпан айында еліміздің энергетика саласын дамыту мәселелері жөніндегі...

ҚР Жоғарғы сотының жаңа төрағасы тағайындалды

Бүгін Сенат депутаттары ҚР Жоғарғы Сотының жаңа төрағасын сайлады....

Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының ұзақтығы мен демалыс уақытын анықтайтын бұйрықты жариялады

Бұйрық жобасы бекітілсе, барлық білім ошақтарында оқу жылының мерзімі...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

135 млрд теңге: ҰҚК қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырудың жолын кесті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2022 жылғы шілде айында кәсіпкерлік субьектілеріне заңсыз жолмен 135 млрд теңге сомасындағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және салық төлеуден жалтаруға ұзақ...

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС салу: сарапшылар пікірі

Биыл ақпан айында еліміздің энергетика саласын дамыту мәселелері жөніндегі Кеңесте президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін және ол...

ҚР Жоғарғы сотының жаңа төрағасы тағайындалды

Бүгін Сенат депутаттары ҚР Жоғарғы Сотының жаңа төрағасын сайлады. Бұл лауазымға Асламбек Мерғалиевтің кандидатурасын Мемлекет басшысы ұсынды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Асламбек Мерғалиев 1972...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here