Жаңаөзенде тағы наразылық басталды

Жаңаөзенде бір топ адам жұмысқа тұру үшін жарты жылдан астам уақыт бойы «Өзенмұнайгаз» АҚ ғимаратының алдында наразылық акциясын өткізіп жатыр. Олар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жұмысқа орналасуға көмектесуді өтінген видео үндеу жазды.

Үндеуде қала тұрғындарының жарты жылдан астам уақыт ереуілге шыққаны айтылған. Ер адамдар тиісті дайындықтан өткендерін, серіктестіктің бірінші басшысы Мақсат Ибағаров оларды жұмысқа алмаса, қызметінен кетуі керектігін айтты.