«Самат Әбішті тұтқындауға ордер берілген» – Айдос Сарым (ВИДЕО)

Назарбаев әулетінің біразы Дубайда жүр.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым сұхбат беріп, Назарбаев әулеті, референдумнан кейінгі өзгерістер, суперпрезиденттік жүйеден бас  тарту туралы пікір білдірді.

Депутат референдум ойдағыдай өткенін айтты. Айдос Сарымның пікірінше, референдумға көпшілік өз еркімен дауыс берген.

– Референдум ойлағандай өтті деп ойлаймын. Өтірік дауыс беру туралы көп дерек жоқ. Бірінші күні прокуратураға 7 шағым түскен, бір облыстан бесеу, басқа жақтан екеу деген сияқты. Бұрынғыдай 1500 адамды залға жинап, әңгіме айту деген болған жоқ. Жалпы Мәжіліс депутаттары күніне 500-ден астам жиын өткізіп тұрды. Көпшілік елдің жақсы жаққа өзгергенін қалайтынын айтып, ұнасын, ұнамасын дауыс беруге барамыз деді. Екінші мәселе, бұл Конституциялық өзгерістерді парламентте де қабылдауға болатын. Меніңше, президентке керегі екінші Республика деген концепция, – деді ол.

Сондай-ақ, депутат Назарбаев әулетінің қайда екенін айтып, экс-президенттің не үшін референдумға дауыс беруге келгенін жеткізді.

Қазақстаннан шыққан үш мыңнан астам адам Дубайдағы 1 млрд доллардың мүлкін иеленіп отыр деді. Бізде миллиардерлерге қызмет ететін пысықайлар бар. Сол сияқтылар шығар азаматтық алған. Назарбаев әулетінің біразы Дубайда жүр. Шәріпбаевтың, Сатыбалдының әңгімесі бар. Естуімше, «Самат Әбішке ордер беріліпті» деген әңгіме бар. Әрине, бір-екі туыстарың қылмысты болса, мүлкі тәркіленсе ұнамайды ғой. Олар да ойланып, күдіктенеді. Нұрсұлтан Назарбаевқа Конституциядан Елбасы атағын алып тастаған жүрегіне бататын шығар. Бірақ біреуге ұнасын, ұнамасын бір сөз айтайын. Нұсрұлтан Назарбаев – Қазақстан тарихының мызғымас бір бөлігі. Осы мемлекет қалатын болса Назарбаевтың аты аталады. Саясат деген ақ пен қараның қақтғысы емес, әлем түрлі-түсті, – деді Сарым.

Дереккөз: orda.kz

Соңғы

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы»...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен...

Махамбет Әбжанға шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалды

Махамбет Әбжанға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, -...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың мәйіті табылды. Олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Бұл туралы полиция мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. 2011, 2014...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» спектаклін қою арқылы әкесіне қиянат жасалғанын айтады. Мұхтар Шәмшіұлының айтуынша, әкесі ешқашан сығандардың тобырында болмаған,...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп «Qnet» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Бұл компания Астана мен...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here