Президент Жоғарғы сот төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады. Президентке сот төрелігінің сапасын жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар баяндалды. Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, аналитикалық блок айтарлықтай күшейтіліп, Жоғарғы соттың жалпы нормативтік қаулыларының үшінші бөлігіне түзетулер енгізілген. Бұдан бөлек, тергеу кезінде азаматтардың құқығын қорғау деңгейі жақсара түсті. Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беруден бас тартатын жағдайлардың және…