Эксклюзивті мазмұн:

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС салу: сарапшылар пікірі

Биыл ақпан айында еліміздің энергетика саласын дамыту мәселелері жөніндегі...

ҚР Жоғарғы сотының жаңа төрағасы тағайындалды

Бүгін Сенат депутаттары ҚР Жоғарғы Сотының жаңа төрағасын сайлады....

Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының ұзақтығы мен демалыс уақытын анықтайтын бұйрықты жариялады

Бұйрық жобасы бекітілсе, барлық білім ошақтарында оқу жылының мерзімі...

«Челах өлтірмеген»: Арқанкергенде қаза тапқандардың аналары шындықтың бетін ашты

Олар марқұмдардың Владислав Челахтың қолынан ажал құшқанына сенгісі жоқ.

Ең жұмбақ трагедиялардың бірі – «Арқанкерген» оқиғасы 10 жылдан бері журналистер назарынан түспей келеді. Оқиғаға қатысты жаңа деректер шыққанымен, құқық қорғау органдары әлі де Владислав Челах кінәлі деп сендірумен келеді: 19 жастағы жігіт қорықшы мен 14 әріптесін өлтірді-мыс. Ол бүкіл өмірін түрмеде өткізеді. Челах бірде-бір сұхбат берген жоқ және оның өзі БАҚ өкілдерімен сөйлесуден бас тартты делінеді. Алайда оның БҰҰ-ға екі рет жүгінуі, тіпті Қазақстан президентіне істі қайта қарауды сұрап хат жолдауы көкейде көп сұрақ туындатады.

Шекара заставасындағы жаппай өлтіру оқиғасының әркім әр түрді әдіптейді, бірақ қай нұсқа шындыққа жақын? Ulysmedia.kz қаза тапқан шекарашылардың аналары да әлі күнге дейін ұлдарының өліміне қатысты долбарлармен бас қатырып жүргенін анықтады. Олар марқұмдардың Владислав Челахтың қолынан ажал құшқанына сенгісі жоқ.

– Кейбір ата-аналар Владиславтың түрмедегілерге әріптестерін қалай өлтіргенін айтып берген видеосын көргеннен кейін оның қылмыскер екеніне сенді. Бірақ шекарашыларды ол өлтірген жоқ. Қолына қару да ұстап көрмеген. Өлтіруге ешқандай себеп болған жоқ. Олар тіпті таныс емес еді, тіпті 10 күн бірге болмады. Мен сенбеймін, – дейді қаза тапқандардың бірінің анасы Татьяна Рэй.

«Арқанкергенде» ұлынан айырылған тағы бір ана – Қарлығаш Мұқаш та осындай пікірде.

Анықтама неге берілмеді?

Перзенттерін жерлеген аналардың пікірінше, видеода Челахтың «кінәсін мойындауы» қысыммен жазылған.

– Көріпкелге барудың қажеті жоқ. Бәрі айдан анық: кінәні өз мойнына алу үшін қысым көрсеткен. Бірақ неге үндемейді, не болғанын неліктен айтпайды? Мен Светадан да (Челахтың анасы – ред.) сұрадым, шындықты тым болмағанда сендерге неге айтып бермейді дедім. Ол айтуға мүмкіндік жоқ деді, – деп таңғалады Татьяна Рэй.

Оның айтуынша, оқиғадан соң сот болар алдында зардап шеккендерді «майлап» қойған. Шипажайға емделуге жібереміз, пәтер береміз деп уәде берген.

– Менің баламның «Арқанкергенде» қайтыс болғаны туралы анықтама болмағандықтан, мені емделуге жібермеді. Қолымда ұлымның әскери қызметте жүріп қайтыс болғаны жайлы анықтама бар екенін айттым. Алайда олар басқа анықтама керектігін айтып, жібермей қойды, – дейді Денис Рэйдің анасы.

Қарлығаш Мұқаш та пәтер беруге уәде берілгенін айтады, бірақ әкімдік мөрсіз анықтама беріпті. Кейіннен оған басыңда баспанаң бар деп үй бермей қойған.

Челахтың анасы неге үндемейді?

Ulysmedia.kz тілшісі Челахтың анасы Светлана Ващенкомен-хабарласып, отбасының істі қайта қарауды сұрағанын білді.

– Әрине қайта қарауды сұрадық, бірақ олар бұрынғыдай жауап берді: құқығымыз жоқ дейді. 10 жыл бойы солай қайталап келеді. Біз емес, адвокат өтініш жасауы керек деп қайтарады, – дейді Владиславтың анасы.

Бірақ ол адвокаттың әлдеқашан өмірден өткенін ескеріп, билік өтінішті Челахтың өзі жазуды ұсынған.

– Ол өзі жазды, алайда оған да құқығың жоқ деп жауап береді», –  деп түсіндірді Светлана өзінің әрекетсіздігін.

– Неге басқа адвокатқа жүгінбедіңіздер?

– Білмеймін, олардың нені меңзеп отырғанын түсінбеймін..

Светлана қазір Ресейде тұрады және ұлымен тек телефон арқылы сөйлеседі. Туыстары колонияға барып тұрады. Оның өзі бір кездері Қазақстанға келуі мүмкін екенін айтты, бірақ қашан екенін нақты білмейді.

Светлана біздің тілшімен сөйлесуге ерекше ықылас танытпады, сондықтан әңгіме небары бес минутқа созылды.

Шындық керек

10 жыл ішінде «Арканкергендегі» оқиға туралы түрлі нұсқа айтылды – есірткі трафигі, Қытай зымыраны… Татьяна Рэйдің пікірінше, мұның бәрі ойдан шығарылған.

– Менің нұсқам – жоғары лауазымды туыстар үш джиппен демалған. Шекарашылар күнін атап өтеді. Ішімдікке сылқия тойған дөкейлерге бәрі рұқсат етілген. Әуелі қорықшыны өлтірген, ол әлгілерге бірдеңе айтқан болуы керек. Олар атысты бастаған уақытта жігіттер сол жерден табылған. Мен ешқандай зымыранға да, таудағы жігіттер бір жерден арақ тауып алды дегенге де сенбеймін. Есірткі трафигі деген де өтірік, ол бұрыннан болған, ол үшін ешкім адам өлтірмеген , – дейді Татьяна.

Оның айтуынша, кейбір ақпарат көздері оған шекара заставасында демалған дөкейлер арасында Болат Назарбав та болғанын жеткізген.

– Қайдағы зымыран? Ол казармадан басқа ештеңені бүлдірмейтін қандай зымыран? Оның дәл жанында тұрған дөкейлердің үйі неге бүлінбеген? Біз «Арқанкергенде» де болдық, онда тіпті ағаштардың қабығы да күймеген, тек казарма жанып кеткен,  – деп еске алды Рэй.

Денис Рэйдің анасының болжамынша, онда нағыз жекпе-жек болған, екі тараптан да адамдар өлтірілген.

– Бірнеше рет Сәрсенов (адвокат-ред.) онда 14 емес, 17 немесе 18 адам қаза тапты деп мәлімдеді. Сондықтан бәрін мұқият тазартып, дәлелдерді өртеп жіберген, – дейді Татьяна.

Ол адвокат Сәрсенов өз ажалы жетіп өлгеніне сенбейді.

– Ол қант диабетімен ауырды, бірақ емделіп, денсаулығын қадағалады. Ол өз ауруын жасырмады, – дейді әйел.

Татьяна Рэй «қол сұғылмайтын» адамдар саяси сахнадан кеткен қазіргі уақытта «Арканкергендегі» атыстың құпиясын ашуға не кедергі болып отырғанын түсінбей дал.

Соңғы

135 млрд теңге: ҰҚК қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырудың жолын кесті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2022 жылғы шілде айында кәсіпкерлік субьектілеріне...

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС салу: сарапшылар пікірі

Биыл ақпан айында еліміздің энергетика саласын дамыту мәселелері жөніндегі...

ҚР Жоғарғы сотының жаңа төрағасы тағайындалды

Бүгін Сенат депутаттары ҚР Жоғарғы Сотының жаңа төрағасын сайлады....

Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының ұзақтығы мен демалыс уақытын анықтайтын бұйрықты жариялады

Бұйрық жобасы бекітілсе, барлық білім ошақтарында оқу жылының мерзімі...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

135 млрд теңге: ҰҚК қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырудың жолын кесті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2022 жылғы шілде айында кәсіпкерлік субьектілеріне заңсыз жолмен 135 млрд теңге сомасындағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және салық төлеуден жалтаруға ұзақ...

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС салу: сарапшылар пікірі

Биыл ақпан айында еліміздің энергетика саласын дамыту мәселелері жөніндегі Кеңесте президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін және ол...

ҚР Жоғарғы сотының жаңа төрағасы тағайындалды

Бүгін Сенат депутаттары ҚР Жоғарғы Сотының жаңа төрағасын сайлады. Бұл лауазымға Асламбек Мерғалиевтің кандидатурасын Мемлекет басшысы ұсынды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Асламбек Мерғалиев 1972...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here