Болат Әбілов Назарбаев көшесінің атауын «Қаңтар» деп өзгертуді ұсынды
Алматыдағы “Қаңтар” оқиғаларына байланысты тергеу шараларының әділ жүргізілуін талап еткен белсенділер қоғамдық талқылау жиынын ұйымдастырды. Жиналысқа арқау болғандардың бірі, саясаткер Болат Әбілов құзырлы органдардың халыққа ашық ақпарат таратпайтынын айтады. Оның сөзінше, биліктегілер барлық кінәні ҰҚК-нің экс-басшысы Кәрім Мәсімовке арта салғалы отыр. Белсенділер ұйымдастырған ашық жиынға Stan.kz тілшісі де қатысып қайтты. Қоғам белсендісі, саясаткер, кәсіпкер Болат Әбілов алты ай уақыт өтсе де қаңтар…