Ақтау қаласының маңында 15 жастағы Нұрсая Құралбаеваны бес күннен бері іздеп жатыр. Қыз бала колледжге кеткеннен кейін қайта оралмаған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Волонтерлердің мәліметінше, Нұрсая Құралбаева Мұнайлы ауданындағы Бiрлiк көшесінде орналасқан жеке үйде тұрады. Ол 15 қазан күні таңғы сағат 08:00 шамасында Ақтаудағы политехникалық колледжге оқуға кеткен.
Жоғалған қыздың белгілері: орта денелі, ұзын қара шашты, бойы шамамен 165-170 сантиметр. Үстінде қара желет, қара шалбар және ақ жолақтары бар қара кроссовка болған.
Нұрсая туралы қандай да бір ақпаратты білетін адамдардан +7 (700) 911-72-92 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз.
Фото: Волонтерлер ұсынған фото