
Ақтауда сатушыны ұрған тұрғын 6 айға сотталды
Оқиға 27-шағын ауданда орналасқан «Ақсу» дүкенінде болған. Ішімдікке сылқия тойып алған тұрғын сыра сатпағаны үшін саудагердің оң жақ бетінен жұдырықпен ұрған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Айыпталушыға 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жалпы мұндай жағдайда ҚР Қылмыстық Кодекстің 293-бабы 1-бөлігінің санкциясында 500-ден 2000 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, сол мөлшерде…