«Мұғалімге таптырмас көмек»: ЖОО оқытушылары алғаш рет электронды атлас шығарды
Абай атындағы Қазақ ұлттық пегагогикалық университетінің оқытушылары электронды атлас әзірледі, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. «Омыртқалылар зоологиясы» пәні бойынша болашақ биология мұғалімдері үшін алғаш рет жасалған электронды атлас болып табылады. Электрондық ресурстың мақсаты – Қазақстандағы жоғары оқу орындарының оқытушылары мен мектеп мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде «Омыртқалылар зоологиясы» курсын оқытуда компьютерлік технологияларды пайдалану. «Омыртқалылар зоологиясы» бойынша электронды…