«Жүрегі қазақ елді тонамайды. Субсидия көзбояушылық. Сиырлар ешкі сияқты»: экс-әкім, агрономмен сұхбат
Жуырда ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының өсуін тежеу, сондай-ақ ішкі нарықты қажетті азық-түлікпен, жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізіп, Ауыл шаруашылығы министрлігінің жұмысын сынға алды. Жер жөнсіз жекеге берілді, ұн қымбаттап, халық қант таппай сенделді. Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға мемлекеттен миллиардтаған субсидия бөлініп, сан түрлі жобалар қолға алынса да…