Алматыдағы ауыз су құбырының тең жартысынан көбі тозған – Алматы су мекемесі

Алматыдағы ауыз су құбырларының тең жартысынан көбі тозған. Жерасты құбырларының тозуынан апатта жиілеген, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Кезекті апат бүгін таңға жуық тағыда орын алған еді. Қаланың 30% ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған алып су құбырындағы апат әлі қалпына келтірілген жоқ. Жауапты мекеменің мәліметінше жыл сайын 20-25 км ғана су желілері жаңартылады.

«Су шаруашылығы саласындағы ең өзекті мәселелердің бірі желілердің табиғи тозуы болып отыр, ол 50% – дан асады. Жылына Кәсіпорынның инвестициялық қаражаты есебінен шамамен 20-25 км желі ауыстырылады. Ал қалалық су құбырының тозу дәрежесін төмендету үшін жыл сайын шамамен 100 км құбыр желісі ауыстырылады», – деді «Алматы су»МКК баспасөз қызметі.

Сумен жабдықтау жүйесінің құрылыстары мен технологиялық жабдықтарын жоспарлы түрде түбегейлі жаңғыртуды талап етеді. Кәсіпорынның мәліметінше  жөндеудің жылдам жүрмеуі қаржыға тікелей байланысты. Айтуларынша суға арналған тарифтің төмендігі де себеп.

«Қаламызда ауыз су ел бойынша ең төменгі тарифтердің бірі. 1000 литр судың бағасы 48 теңгеге тең. Бұл ретте тариф 7 жылдан астам уақыт бойы өзгеріссіз, баға қымбаттаған жоқ», – деді мамандар.

Қала бойынша су құбырының ұзындығы 3574 шақырым. Алайда олардың жартысынан көбі әбден ескірген. Құбырлардың қолданысқа берілгеніне 60 жылдан асып кеткен. Қаладағы су құбыры желілерінің  1942 шақырымы тозған. Бұл жалпы көлемнің  54,3 % құрайды.

Соңғы

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы...

Күдебаев сотқа мәжбүрлеп әкелінеді

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Qazaq.today Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап. «Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq.uni-не сілтеме жасап. Ақтөбе аумағында орналасқан Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы бау-бақша...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтема жасап. Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here