
Түркістан облысына бүгін жаңадан әкім тағайындалады
6-қаңтар күні, яғни бүгін Дархан Сатыбалды қызметінен қоштасуы мүмкін. Бүгін депутаттар қазіргі әкімнің тағдырын шешпек, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. Облыстық мәслихаттың депутаттары өңірге жаңа басшыны таңдайды. Тағайындау жасырын дауыс беру арқылы жүргізіледі. Өңірде бүгін саяси ауыс-түйіс болады деп күтілуде. Өңірдің қазіргі басшысының орынында қалатыны немесе басқа әкімнің келетіні жайлы нақты мәлімет бірнеше сағаттан соң белгілі…