Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,33 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 510, 06 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 513 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 510 теңге. Еуро 566 — 572 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 514 теңге, сатып алу құны – 508 теңге. Еуро 564 теңгеден сатып алынып, 571 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,18 — 6,34 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 13 мамырға ұсынған ресми бағамы – бір долларға 513,74 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 6,33 теңге. Еуро – 569,17.