Түркістан облысына бүгін жаңадан әкім тағайындалады

6-қаңтар күні, яғни бүгін Дархан Сатыбалды қызметінен қоштасуы мүмкін. Бүгін депутаттар қазіргі әкімнің тағдырын шешпек, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

Облыстық мәслихаттың депутаттары өңірге жаңа басшыны таңдайды. Тағайындау жасырын дауыс беру арқылы жүргізіледі. Өңірде бүгін саяси ауыс-түйіс болады деп күтілуде. Өңірдің қазіргі басшысының орынында қалатыны немесе басқа әкімнің келетіні жайлы нақты мәлімет бірнеше сағаттан соң белгілі болады.

Облыстың қазіргі әкімі Дархан Сатыбалды 2022 жылдың тамыз айынан бері өңірді басқарып келеді. Оған дейін облысқа Өмірзақ Шөкеев жетекшілік етті.

50 жастағы қазіргі әкім Түркістан облысының тумасы, ол қазақ, орыс, өзбек және ағылшын тілдерін меңгерген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Биыл Республика күні қарсаңында Дархан Сатыбалдыны Президент «Парасат» орденімен марапаттады.

198