«Қойшы иесінің малын 16 млн теңгеге сатып жіберген»: Түркістандық шаруа жанайқайын жеткізді
Түркістан облысында қойшы бастығының 16 млн теңгеге малын сатып жіберген, деп хабарлайды Polisia.kz. Ордабасы аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ер адамның сөзінше, оның малшыларының бірі асыл тұқымды 200-ден астам қойларын талан-таражға салған. Осылайша, жергілікті тұрғынға 16 млн теңгеден асатын шығын келген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 189-бабы («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу…