Жыл басынан бері 500 астам жас турист ұшақпен тегін ұшқан

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде турпакет шеңберінде саяхаттайтын 2-17 жас аралығындағы балаларға билет құнын субсидиялау бағдарламасы күшіне енді. Аталған жоба тек ел ішінде демалысқа аттанған балалардың әуе билетін тегін алуына мүмкіндік береді. Qaztourism ақпаратына сәйкес, қазіргі таңда соммасы 5,2 млн теңге болатын 230 баланың билет құнын субсидиялау бойынша 118 өтінім түскен. Бағдарлама аясында сұранысқа ие бағыттар – Түркістан, Алматы және Маңғыстау баүюғытында. Турлардың орташа бағасы – 320 мың теңге. Ең арзан тур Алматыда 82 мың теңгеге сатылған.. Ал, ең қымбат бағыт – Ақтау. Онда тур 1,2 млн теңгеге сатылған. KOMPAS туроператорының мәліметінше, бүгінге дейін «Kids Go Free» бағдарламасымен 500-ден астам бала ұшақ билетін тегін алған. Аталған бағдарламаны Қазақстан Республикасының азаматтары ғана пайдалана алады. Бағдарлама талаптары: – кәмелетке толмаған балалар әуе рейсіне ата-анасы және өзге де ересек жақын туыстарымен отырғызылады. Шара турпакет шеңберіндегі сапарларға ғана қолданылады. Турпакет ішкі туризмде лицензиясы бар туроператордан сатып алынуы тиіс. Аталған ережелер сақталған жағдайда, туристік жолдаманы сатып алу кезінде балалардың әуе билетінің құны алынып тасталады. Бағдарлама аясында туроператорлардың шығындары мемлекет есебінен өтеледі. Саяхат бағытында қызмет көрсететін компаниялар туристердің демалу мерзімі аяқталғаннан кейін «Kazakh Tourism» ҰК-на құжаттар әзірлеп, субсидиялау бойынша өтінім беруі тиіс. «Белгіленген құжаттар топтамасы толық болса, ұйым 10 жұмыс күні ішінде субсидия төлеу немесе субсидия төлеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Кейін 45 жұмыс күні ішінде субсидия сомасы туроператордың көрсетілген шотына аударылады», – деп көрсетілген хабарламада. Шарын және Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи парктеріне 60 мыңға жуық турист барды. Сондай-ақ, биыл Алматы облысы аумағындағы ұлттық парктерде 685 шақырымдық туристік маршрут жасалды.

Соңғы

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы...

Күдебаев сотқа мәжбүрлеп әкелінеді

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Qazaq.today Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап. «Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq.uni-не сілтеме жасап. Ақтөбе аумағында орналасқан Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы бау-бақша...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтема жасап. Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here