
Алматы облысы: Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев қамауға алынды
Алматы облысы Іле ауданының әкімі Багдат Қарасаев қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін Антикор тарапынан ұсталды. Әкім қызметтік өкілеттілігін теріс пайдаланған, деп хабарлайды Qazaq.today. “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп тексеру шеңберінде Алматы облысының аудан әкімі мен басқа да тұлғалардың әшкереленгенін растайды. Соттың санкциясымен аудан әкімі қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабы шеңберіндегі өзге де ақпарат таратылуға жатпайды”, – деп мәлімдеді Алматы облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің баспасөз қызметі. Оған лауазымдық міндеттерін теріс пайдалану және билік немесе қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану…