АЭС салу мәселесі бойынша референдумға 15,5 млрд теңге жұмсалады

Қазақстанда Атом электр стансасын салу мәселесі бойынша өтетін референдумның бюджеті 15,5 миллиард теңгені құрайды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) мүшесі Сәбила Мұстафина мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл сома смета негізінде есептелген.

Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында АЭС салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум 6 қазанда өтетінін хабарлаған болатын. Осыған байланысты Үкімет президенттің жарлығына сәйкес референдум өткізу туралы қаулы қабылдады.