
Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайда егіс алқабын аралады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыс әкімі өңірдегі ауыл шаруашылығын дамыту шаралары жөнінде мәлімет берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Құмар Ақсақаловтың баяндауынша, биыл диқандар 5 миллион гектар алқапқа егін еккен. Элиталық тұқымның үлесі мен минералды тыңайтқыштарды себу көлемін ұлғайту, сондай-ақ машина-трактор паркін жаңарту арқылы егін шаруашылығының өнімділігін арттыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ Мемлекет басшысына өңірде мал және…