Шығыс Қазақстан облысының шенеуніктері ақша жымқырудың өзгеше тәсілін ойлап тапқан. Олар төтенше жағдай болмаса да, ойдан оқыс жағдайлар ойлап тауып, ақша шығару үшін жасанды тендерлер ойнатқан, деп хабарлайды Qazaq.today.
Облыстың прокуратурасы хабарлағандай, олар жалпы құны 1,4 млрд теңге болатын 78 келісімшартты заңсыз жасаған.
Прокуратура осы тендерлер өткен кезде облыста төтенше жағдай мүлде болмағанын, бірақ, шенеуніктер бір көзден шарт жасасып, мемлекеттен ақша алғанын анықтаған.
Прокуратура бұл шарттарды заңсыз жасаған лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын хабарлады. Халық қазынасынан 1,4 млрд теңгені жымқырғандар небәрі 14 млн теңге айыппұл төлеген.
9