Түркияға қазақ үй апарып тіккен ерікті топ марапатталды

Түркия мемлекеті қазақтың 6 мың киіз үйіне тапсырыс берді. Киіз үйлердің тиімділін білген Анкара қазақтың ақбозын үйін сатып алмақ. Ақбоз үйлерге жер сілкінісінен баспанасыз қалған жанұяларды орналастырады, деп хабарлайды  Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Ресми мәлімет бойынша екі миллионға жуық жанұяның баспанасы зілзаладан қирап қалған. Апатты жағдайда тұрған үйлердің саны әлі тексеріліп жатыр. Мыңдаған жанұяны уақытша орналастыратын…

Толық оқу

Ғасыр трагедиясы: Түркияда тігілген қазақ үйлерге зілзаладан жапа шеккен ел сыймай жатыр

Түркиядағы зілзалада баспанасынан айырылған ел қазақ елінің атынан тігілген үйлерге сыймай жатыр. Тіптен жергілікті жұрт басшылардың киіз үйлерге туыс, таныстарын орналастырып жатқанын айтып шағымданды. Түркия билігі елден жеткізілген жүзден астам үйге жарық тартып, интернет желісін орнатып, жылумен де қамтамасыз етіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy сілтеме жасаған Qazaq.today ақпараттық агенттігі.  Түркияның оңтүстік-шығыс аймағы үйінділерге, қирандыларға…

Толық оқу

«Минут сайын мәйіт келіп жатыр»: Түркияда үлкен қабірлер пайда болды

Түркиядағы зілзаладан қайтыс болған адамдардың саны 34 мыңнан асты. Халықаралық ұйымдар алапат апаттан құрбан болғандардың саны еселеп көбейеді деп болжап отыр. Зілзаланың зардабы ғасыр апаты деп бағаланды. Үйінділер астынан мәйіттер сәт сайын шығарылып жатыр. Қирандының астында қалған адамдарды іздеу жұмысын Azattyq Ruhy тілшісі арнайы барып көріп, жақындарын үйінді астынан күткен жандармен тілдесті, деп хабарлайды Qazaq.today. Үш…

Толық оқу

«Қала өлік сасиды»: Түркияда жер сілкінісі болған Кахраманмараштың қазіргі көрінісі

Түркиядағы зілзаладан ең қатты зардап шеккен қаланың бірі – Кахраманмараш. Ол Түркияның оңтүстік-шығысындағы астанасы саналады. Халқының саны 1,2 миллионға жуықтайды. Көлемі жағынан елдегі 14-ші қала саналатын Кахраманмарашың қазіргі көрінісі қандай? Azattyq Ruhy тілшісі жер сілкінісінің эпицентрі болған Кахраманмарашты аралап, шатырды паналаған халықпен тілдесті, деп хабарлайды Qazaq.today Бұл – қаладағы орталық көшелердің бірі, тоғыз қабатты тұрғын үйлер…

Толық оқу

Қазақстаннан барған еріктілер 100 қазақ үйді Кахраманмараш қаласына тігіп жатыр

Қазақстаннан барған еріктілер 100 қазақ үйді зілзаладан Кахраманмараш қаласына тігіп жатыр. Түркия билігі ол үйлерге баспанасыз қалған адамдарды орналастырып, жақындарынан айырылған жандарға психологиялық көмек көрсетпек. Алғашқы отыз үйді 14 ерікті қазақ жігіті «Kilavuzlu mesire alani» ұлттық паркіне тіге бастады. Этноауыл ретінде үйлер толық тігілген соң Қазақстан халқының атынан қамкөңіл түрік ағайындарға ас беріледі. 30 қазақ…

Толық оқу