
Қарағандыда полиция қызметкерлері азаптау фактісі бойынша сотталды
Қарағанды облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы полиция қызметкерлерінің куәгерге қатысты азаптау әрекеттерін қолдану фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Азаматтың тұлғаның денсаулығына орташа зиян келтіргені үшін жауап алу мақсатында полицияға шақырылғаны анықталды. Қызметтік бөлмеде екі жедел қызметкер оған психологиялық қысым көрсетіп, кінәсін мойындау үшін дене жарақаттарын келтірген. Қарағанды облысының…