23 адам құтқарылды: Талдықорғанда монша өртенді

Талдықорғанда екі қабатты монша кешені өртенді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Өртті сөндіруге 40 өрт сөндіруші мен 15 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Өрт ауыздықталды. Құтқарушылар ғимараттан 23 адамды эвакуациялады.

Өрт ғимараттың шатырынан басталған. 500 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді.

31